"Айтып алыңыздар": Қыран Талапбек өзін "баласын тастап кетті" деп айыптағандарға жауап берді

542
Танымал әнші, актриса Жанар Айжанованың бұрынғы күйеу баласы Қыран Талапбек алғаш рет сәтсіз некесі туралы пікір білдірді. Айжұлдыз Адайбековамен шаңырақ құрған видеограф интернеттегі алып-қашпа әңгімелерге қатысты жауап берді.

Белгілі отандық коуч Қуаныш Шонбайдың "Төртеу түгел болса" деп аталатын YouTube бағдарламасына қонақ болған Қыран Талапбек өзінің мансабындағы жетістіктері туралы баяндады. Бұдан бөлек, ол жүргізушінің сұрақтарына жауап бере келе, жеке өміріндегі өзгерістерге тоқталды. Әсіресе, көпті қызықтырған Айжұлдыз Адайбековамен арадағы неке жайында да әңгімелеген Қыран Талапбек некесінің сәтсіз болғанын жеткізді. 


"Үйлендім, ажырастым. Отбасы бола алмадық. Өзімнің үш жыл бірге жүрген қызыма үйлендім", - деді ол. 


Сонымен бірге, әңгіме барысында видеограф жуырда ғана дүниеге келген баласы жөнінде де айта кетті. Айтуынша, ол баласынан ешқашан бас тартпайды және оған кез келген уақытта көмектесуге дайын. 


"Интернеттегі тарап кеткен неше түрлі әңгімелерге қатысты айтарым: мен өзімнің баламнан ешқашан бас тартқан емеспін. Мен оны әрдайым оны бағуға, жағдайын жасауға, көмектесуге әрдайым дайынмын. Аллаға шүкір, мүмкіндік жетеді. Оған да үндеген жоқпын. Айтып алыңыздар, жарайды дедім. Үндемедім. Бірақ, баламнан бас тартқан емеспін", - деді ол. 
Алайда оның бұл мәлімдемесіне қатысты желі қолданушылары әртүрлі пікірлер қалдыруда. Бірі - оны жұбайын аяғы ауыр кезде тастап кетті деп айыптаса, екіншілері кінәні екі жақтан іздеген дұрыс деп топшылады.