Елордада Нұрлан Бекеновтің «Көңіл сазы» шығармашылық кеші өтеді
410
16 сәуір күні мәдениет қайраткері, күйші, әрі композитор Нұрлан Бекеновтің «Көңіл сазы» атты шығармашылық кеші өтеді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл кеште Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Амантай Жұмашев пен Анар Мұздаханова және «Құрмет» орденінің иегері Жанар Жүсіпова да өнер көрсетеді. Мәдениет саласының үздігі Жанар Қасымова жетекшілік ететін, биыл құрылған «Бойтұмар» қобызшылар квинтеті, Қарлыға Ниханбаева жетекшілігімен «Жас өрен» балалар ансамблі және «Ақжанбек-Арыс» домбырашылар ансамблі күй орындап береді.
Айта кету керек, Нұрлан Бекеновтің ақын Таубай Сақтағанұлына арнаған «Ақын арманы немесе Таубай толғауы» атты күйі тұңғыш рет көрермендер назарына ұсынылмақ.
Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі – жазушы Кемел Тоқаевтың «Ұясынан безген құс» романының желісінде шыққан «Ұясынан безген құс» атты күй сахнада алғаш рет орындалғалы тұр. Күйдің авторы – Нұрлан Бекенов.
Кешті ақын Қуат Ежембек пен жас өнерпаз Айсәуле Алданышбай жүргізеді.
«Қазақстан» орталық концерт залында өткелі тұрған бұл басқосуда қазақтың домбыра аспабы және күй өнері туралы сыр шертілмек. Домбыраның бес бұрауы туралы ойлар ортаға салынады. Яғни, шалыс бұрау, қалыс бұрау, тел бұрау, оң бұрау және теріс бұрау жөнінде мағлұматтар беріліп, осы бес бұрауда күйлер орындалады.
«Басты мақсатымыз – қазақ домбырасының бес бұрауын насихаттау, халыққа кеңінен таныстыру. Ұлттық аспабымыздың түрлері: тұмар домбыра, шіңкілдек домбыра, қалақ домбыра және қозықұйрық домбыра деп бөлінетін төрт түрінің орындау ерекшеліктерін көрсетеміз»,- дейді күйші-композитор Нұрлан Бекенов.