«Астанамызға тарту еттік»: Айдын Рахымбаев балаларға арнап Өнер орталығын тұрғызып жатыр

2 305

Фото: парақшасынан алындыБелгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев BI-Group холдингінің 30 жылдық мерейтойына орай астаналық тұрғындарға Өнер орталығын тарту етті, – деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.  

Ел мерейін көтеретін қуанышты жаңалықты BI-Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев өзінің Facebook парақшасында жариялады.

–  Астанамызға сыйлық! Жасөспірім мен балаларға арналған ең үлкен Өнер мектебін тарту еттік. Астана біз үшін, біздің қызметкерлер үшін өте ерекше, ол – біздің үйіміз! Сонау Целиноград кезінде универде оқитын достарымызбен танысып, артынан бірге BI-Group-тың негізін құрған едік. Осы жерде өстік, өндік, шаңырақ көтеріп, балалы болдық. Сондықтан BI-Group-тың 30 жылдық мерейтойына орай елордамызға балаларға арналған ең үлкен музыкалық мектеп, яғни BI ART өнер орталығын сыйлауды жөн көрдік.

Туған күніңмен, сүйікті қаламыз! Өсе бер, көркейе бер! Балаларың бақытты, көшелерің жарық, аспаның әрдайым ашық болсын!, – дейді  белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев.

Оның айтуынша, Астанада көптен бері ірі музыкалық мектеп салынбаған екен. Қаланың балалары көбіне кішігірім үйірме мен орталықтарда білім алып жүрген.

– Орталықтың аумағы 5 000 шаршы метрді алып жатыр. Оның үстіне, үздік деген шетелдік мамандарды тартпақпыз. Кем дегенде күніне бұл жерге мыңға жуық адам келеді. Мұнда балалар ән, би, актерлік шеберлік, суретке баулиды. Орталықта тек білім алатын жер емес, әншілер, суретшілер секілді шығармашылыққа жақын жандардың басын қосатын ортаға айналмақ. Актерлік шеберлікті үйреніп қана қоймай, подкастар түсіріп, студияларда дыбыс жазып, монтаждауды үйренеді. Ал олардың ата-аналары мен ағайын-туғаны концерттерге қатысып, балаларының өнерін тамашалай алады, – деді ол.

Кәсіпкердің сөзінше, орталықтың құрылысы осы жылдың соңында аяқталады. BI ART орталығы Сығанақ көшесінің бойында, BI-Group-тың бас ғимаратының жанында орналасқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.