Талдықорғанда 12 кітаптың таныстырылымы өтті

2 688

Фото: pixabay.comТалдықорғанда 12 кітаптың таныстырылымы өтіп, оқырманға жол тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жетісулық ақын-жазушылардың төл туындыларының жарыққа шығуына жергілікті бюджеттен 16 млн теңге қаржы бөлінді. Биыл мерейтойлары өтіп жатқан Ілияс Жансүгіров пен Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған тың дүниелер басылды. Сондай-ақ жаңа кітаптар арасында белгілі тележурналист, қоғам қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының «Бай-қуатты болайық!» атты кітабы бар. Өзінің 70 жылдық мерейтойына шығаруды жоспарлаған кітапта журналистің телевизия жайындағы ой орамдары, сараптамалары, сұхбаттары және еш жерде жарияланбаған өлеңдері топтастырылған. Кітапты құрастырған жары Қарлығаш Советбекқызының айтуынша, туынды жас журналистерге бағдаршам бола алады.

Қарлығаш Советбекқызы, Н.Иманғалиұлының жары:
«Меніңше» деген циклмен таза тележурналистика жайлы жазылған. Ол жерде тележурналистерге, болашақ журналистерге арналған көптеген еңбектері бар. Өйткені телевизия маманы ретінде жас ұрпаққа, студенттерге болашақта нені білу керек, нені ескеру керек деген, яғни эфирді көріп отырып, оны қалай анализ жасау керек, қалай талқылау керек сол жайлы жазылған.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.