Нұрғиса Тілендиевті еске алу кеші өтті

2 515

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіЖамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясында қазақтың көрнекті композиторы, күйші, КСРО халық әртісі, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туған күніне орай «Атадан мұра» атты еске алу кеші өткен,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Концерттік бағдарлама аясында Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрі өнер көрсетті. Ұжымның көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері – Дінзухра Тілендиева. Сонымен қатар концертке танымал дирижерлер Жалғасбек Бегендіков пен Абылқайырхан Бейсеков қатысты.

Кеш барысында композитордың шығармашылық мұрасының ажырамас бөлігіне айналған «Ата толғауы», «Әлқисса», «Махамбет» күйлері орындалды. Сондай-ақ, белгілі әншілер Рамазан Стамғазы, Светлана Айтбаева және Фархат Кубиевтің орындауында «Құстар әні», «Сарыжайлау», «Куә бол» әндері шырқалды.

Кештің әсерлі сәттерінің бірі – композитордың немересі Даяна Тілендиеваның Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариғаға арнаған «Куә бол» әнін орындауы болды. Сонымен қатар, опера әншілері Әйгерім Шәріпбек пен Жұлдыз Байжұманың өнер көрсетуі шараның көркемдік деңгейін одан әрі биіктете түсті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.