Жапон балет мектебінің оқушылары Қазақ ұлттық хореография академиясында шеберлік сабақтарын алды

2 513

 Фото: qazaqballet.kzҚазақ ұлттық хореография академиясында Yoshiko Takagi Ballet School өкілдеріне арналған шеберлік сағаттары өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, делегация құрамында 23 оқушы мен 3 педагог болды. Олар Академия базасында жыл сайын ұйымдастырылатын күзгі мектеп бағдарламасына қатысты,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Академия мамандары қонақтарға классикалық би және ұлттық-сахналық би бойынша арнайы сабақтар өткізіп, кәсіби тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар жапондық қатысушылар ел мәдениетімен, елорданың сәулетімен танысып, Астананың көрікті демалыс орындарын аралады.

Yoshiko Takagi Ballet School өкілдері Қазақстандағы балет мектебінің жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп, Академияның халықаралық ынтымақтастыққа ашықтығын және хореография өнерін дамытуға қосып отырған үлесін бағалады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.