«Қазақфильм» көрерменнің ұсынысы бойынша фильм түсірмек

1 388

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті Азамат Сатыбалды киностудиясы халықтың ұсынысы бойынша фильм түсіре бастайтынын айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Азамат Сатыбалды әлеуметтік желіде «Қазақфильм» киностудиясы енді көрерменмен тікелей жұмыс істейтінін айтты.


«Қымбатты көрермен, біз енді сіздерге ұнайтын, сіздердің көңілдеріңізден шығатын киноларды түсіруді бастаймыз. Сондықтан сіздерге ұсыныс жасағым келеді. Болашақта Қазақфильмнен сіздер қандай жанрдағы киноны көрігілеріңіз келеді? Комедиядан басқа ұсыныстарыңыз болса немесе сіздерге қандай тақырып ұнайды, мысалы, драма, мелодрама, ауыл немесе қала тақырыбы ма? Жалпы қандай бағытта болашақта Қазақфильмнен кино көргілеріңіз келеді, сол туралы бізге пікір қалдырып, жазсаңыздар. Біз сол бойынша келесі жылдан бастап жаңа киноларды түсіретін боламыз. Ендеше мен сіздерден ұсыныс күтемін», - деді Азамат Сатыпалды.


Еске салайық, Азамат Сатыбалды жақында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның президенті болып тағайындалған болатын.