Қазақ анимациясының негізін қалаушы Әмен Қайдарға 100 жыл

1 295

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі Әмен Қайдарға арнап мерейтойлық шара өткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


3 маусым күні қазақ анимациясының негізін қалаушы, өнер майталманы тірі болса 100-ге толар еді. Ескерткіш мемориалға гүл қойылып, жиналғандардың назарына аниматор еңбектерінің цифрландырылған нұсқасы көрсетілді.


Іс-шараға отандық анимация ардагерлері мен қазақ анимациясының дамуына елеулі үлес қосқан мәдениет қайраткерлері қатысты.


Әмен Қайдардың тырнақталды туындысы «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» мультфильмі болатын. Халық ертегісі әлемнің 50-ге жуық елінде көрсетілді. Ленинградтағы 3 Бүкілодақтық кинофестивальдің лауреаты, мультфильмдер кинофестивалінде құрметті орынға ие болды. Әмен Қайдардың сондай-ақ, танымал анимациялық жұмыстары қатарында «Ақсақ-құлан», «Құйыршық», «Қожанасыр - құрылысшы», «Күн шағылысы», «Сиқырлы кілем» бар.