Айдар Сайлауов жаңа қызметке тағайындалды

2 519

Арал ауданыАрал аудандық "Толқын" газетінің бас редакторы қызметіне Сайлауов Айдар Әділжанұлы тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Айдар Сайлауов  1996 жылы Арал ауданы, Қызылжар ауылында дүниеге келген.


Еңбек жолын республикалық «Ұстаз мәртебесі» газеті мен «Әлімсақ» журналынан бастап, жауапты хатшысы лауазымына дейін жоғарылаған. "Сыр медиа" ЖШС "Сыр бойы" газетінің тілшісі, Республикалық "Ақмешіт жастары" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарды.


Айдар Әділжанұлы қаламгер Сағитжан Бермағамбетов атындағы жастар сыйлығының және облыстық «Сыр үміті» сыйлығының иегері. Сонымен қатар, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Аға буынның ізін жалғаған талантты ақын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.