Қытай астанасында 8-ші рет «Абай оқулары» өтті

1 263

Бейжіңде ұлы ойшыл, ақын, дала әдебиеті мен мәдениетінің реформаторы, қазақ әдебиетінің негізін қалаушысы Абай Құнанбайұлының күні аталып өтті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара аясында қытайлық оқушылар мен студенттер Абай өлеңдерін қазақ және қытай тілдерінде оқыды. Сондай-ақ Бейжің халық аспаптар оркестрінің әртістері мен Қытай ұлттары орталық университетінің студенттері қазақ және қытай ұлттық музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен Абай әндерін орындады.

Жыл сайын қытайлық жұртшылықты Абайдың еңбектерімен таныстыру арқылы рухани ағарту іс-шараларын өткізу, ұлы тұлғаның ескерткішіне гүл шоқтарын қою, оның шығармаларын оқу челлендждерін ұйымдастыру Бейжіңнің әдебиет, өнер және көркем сөз әуесқойлары арасындағы жақсы дәстүрге айналды.

Іс-шараның қонақтары ҚХР-да аккредиттелген бірқатар дипломатиялық миссиялардың басшылары, мемлекеттік органдардың, Қытайдың академиялық және шығармашылық зиялылары, қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық БАҚ журналистері болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.