Испанияда Димаштың жанкүйерлері мен қазақ диаспорасы өкілдері кездесті
Мадридте Димаш Құдайбергеннің испаниялық фан-клубы мүшелері мен қазақ диаспорасының өкілдері бас қосты,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында қатысушылар өнер иесінің шығармашылығын, оның қазақ мәдениетін халықаралық деңгейде дәріптеудегі рөлін, сондай-ақ Қазақстан мен Испания арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға қосқан үлесін талқылаған. Бұл туралы dimashnews.com жазған.
Іс-шараны Испаниядағы қазақ диаспорасының президенті Гульнара Гульча ұйымдастырған. Кездесуге кәсіпкер, Cob House және Audiotheatre Almaty жобаларының теңавторы Диляра Мажитова, сондай-ақ қазақ-испан бірлескен «La Tregua» («Бітім») көркем фильмінің продюсерлері Жарасхан Кульпиенов пен Алия Далабаева қатысқан.
Кездесу барысында испаниялық Dears қауымдастығының мүшелері Димаштың шығармашылығымен қалай танысқандары және оның өнері арқылы Қазақстанның мәдениеті мен ұлттық дәстүрлеріне деген қызығушылықтарының артқанын туралы айтып берді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, гитараның сүйемелдеуімен ән орындап, сүйікті әншілерінің шығармаларын бірге тыңдаған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер испаниялық жанкүйерлердің қазақ мәдениетімен жақынырақ танысуына мүмкіндік беріп қана қоймай, Димаштың шығармашылығы тоғыстырған жандардың өзара тәжірибе алмасып, мәдени байланыстарды дамытуына ықпал ететін маңызды алаңға айналып келеді.







