Қызылорда облысының Алматыдағы өнер күндері Тұрмағамбет оркестрінің концертімен қорытындыланды

2 399

Фото: Облыс әкімдігіҚызылорда облысының Алматыдағы өнер күндері Құрманғазы оркестрінің концерт залында өткен «ЖЫР – ҚАЗЫНА, КҮЙ – КҮМБЕЗ» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концертімен қорытындыланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оркестр репертуарында халық әндері және Қазақстан композиторларының туындылары, классикалық шығармалар бар.

Концертте Сыр сүлейлерінің жыр-термелері шеру тартып, ақындар өлең оқыды. Қорқыт бабадан бері үзілмеген қобыз сарыны тыңдарман жүрегіне жол тапты.

 2007 жылы құрылған өнер ұжымы осыған дейін облыс әкімдігінің қолдауымен бірнеше мәрте шет елдерге гастрольдік сапармен барды.

Концертте де халық аспаптар оркестрінің өнеріне Алматы жұртшылығы ризашылықпен қошемет көрсетті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.