Әлия Әнуарбек ауруханаға түсіп қалды

394

Фото: видеодан скриншотОтандық танымал актриса Әлия Әнуарбек ауруханаға түсіп қалды. Өнер иесі жуынатын бөлмеде құлағандықтан жедел жәрдем шақыруға мәжбүр болған. Дәрігерлер шоу-бизнес жұлдызының сегізкөз омыртқасы сынып кеткенін анықтады.


Әлия Әнуарбек басынан өткен ауыр жағдай туралы Instagram парақшасында айтып берді. Өнер иесі оқырмандарына арнайы видео түсіріп, мән-жайды түсіндірген. 


Белгілі болғандай, оқиға актрисаның жуынатын бөлмеге барған кезде орын алған. Ол тайғанап құлап кеткен. Өкінішке орай, бұл жайт күрделі жарақатпен аяқталған. 
Бұл жағдайдың дәл өз үйінде орын алғаны киножұлдызды қатты қынжылтады. 
"Омыртқа сүйегімді сындырып алғанда қатты қорықтым. Мен тура сол жерде жылап жібердім. Қатты қорықтым. Омыртқамды толықтай сындырып алмағаныма шүкір", - деді өнер иесі. 


Қазіргі уақытта Әлия ауруханада дәрігерлердің қарауында жатыр. 
 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.