Елімізде балалар фестивалі басталды

107

Алматыда  «Алматы БАЛАFEST – 2023» байқауы басталды. деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Фестивальдің басты идеясы-балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және қолдау үшін қалада жүзеге асырылып жатқан үздік жобалар мен бастамаларды біріктіру.


Фестиваль 300 мың баланы қамтиды және 3 кезеңде (мектеп, аудандық, қалалық) 7 бағыт бойынша конкурстар өткізіледі:

- «Жұлдызды сәт»

- «Бояулар құпиясы»

- «Өнерлі бала»

- «Кітап – білім бұлағы»

- «Жасыл Алматы»

- «OpenAir Sport»

- «Хакатон – IT Universe»


1 маусым күні іс-шараның 1000-нан астам жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді. Іс-шара барысында биыл халықаралық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың 50 алтын медаль иегеріне құрмет көрсетіледі. Үздік жетістіктердің арқасында Алматы қаласының құрама командасы 18 жылдан бері «ҚР Үздік олимпиадалық командасы» атанып келеді.


Сондай-ақ фестиваль аясында өзге де мерекелік іс-шаралар өтеді. Кішкентай қала тұрғындарын ертегі кейіпкерлері, мультфильмдер мен комикстердің кейіпкерлері қызықтырады. Балалар үшін танымдық ойындар, спорттық жарыстар, шеберлік сыныптары, көрмелер және басқа да көптеген ойын-сауықтар ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, балаларға арналған аумақта фотоаймақ құрылады.


Айта кетейік, алғашқы фестиваль Мемлекет басшысының қатысуымен 2022 жылы Балалар жылы аясында өтті.