Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрында “Кездесу мен қоштасу” драмасы кезекті рет сахналанды. Бұл қойылым Сырдың бас театрында 2021 жылдан бері сахналанып келеді. Себебі, ажырасу мәселесі қоғамда өзектілігін жойған емес, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
“Бұл спектаклдьді елімізге белгілі режиссер Данияр Базарқұлов қойған болатын. Өздеріңіз көріп тұрғандай, бес айдан кейін қойылып тұр. Халықтың ықыласы, қошеметі, сағынышы ерекше. Бұл актуалды, өзекті тақырып әрқашан көрерменге қызық” - дейді ҚАНАТ АРХАБАЕВ
“Үлкен сағынышпен, аңсап ойнадық десек те болады. Бұл қойылымның негізгі мақсаты – жанұя, отбасы арасындағы кикілжің, ажырасу қазіргі өзекті мәселе ғой. Осы өзекті мәселені қозғай отырып, көрерменге дұрыс жағынан ойлансын, оқиғаларды көрсін, ой түйсін деген мақсатпен қойылған ерекше қойылым. Бұл қойылымның көрермені өте көп. Бұны бір көрген адам қайта-қайта келіп көреді. Көрермен сүйіп көретін қойылым десек те болады” - дейді ЖАУҺАР ЕРКІНОВА
Қойылымда өмір суреттеледі, көрермен эмоцияға беріледі. Көзге жас алатын да, күлетін де сәттер бар. Ал, сахна төрінде пойыздың рельстері жатыр. Бұл адамның тағдыры болса, вокзал – өз бақытын іздеп, кездесіп не қоштасып жатқан жандардың өмірі. Әдемі әуенмен үйлесім тапқан спектакль көрермен көңілінен ерекше орын алды.
“Қойылым сәтті шыққан. Әртістердің ойнау шеберліктері жоғары. Нағыз бүгінгі қоғамда болып жатқан түйткілді мәселелерді сөз қылды. Жастарға берер тәлімі, тәрбиесі зор деп ойлаймын.”
“Жоғары деғгейде өтті. Маған өте ұнады.Қоғамда болып жатқан қатаң жағдайларды көрсетті. Көңілімнен шықты спектакль.”
Адам үшін махаббат нені білдіреді, ол үшін отбасы құндылығы деген не? Осы сұрақтарға негізделген қойылым желісі бүгінгі жастардың көкейіне салмақты ой салды. Тоқетері, адамды бағалауға, қадірлеуге, сүюге, күресуге тәрбиелейді.