Бүкіл ел дұға тілеп жатыр! Кенжебек Жанәбіловтің денсаулығына не болды

2 504

Фото;instagram.com/kenzhebekmuzartОсыдан бірнеше күн бұрын Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түскені белгілі болған еді.Әнші Сәкен Майғазиев ауруханаға барып, әріптесі Кенжебек Жанәбіловтің жағдайын біліп қайтты,  –  деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, әнші инфаркт алған және ота жасау қажет. Дәрігерлер үш-төрт ай демалу керек екенін айтқан. 

"Ақ Кенжештің  хәлін сұрап, көңілін көтеріп қайттық. Дәрігерлерге мың алғыс! Кенжебек білікті маман, тәжірибелі дәрігер Алмат Егізеков мырзаның жіті қадағалауында. Екі күн бұрын қатты қысылып, приступ беріпті. Бүгін беті бері қарапты. Алайда, үлкен күтімді қажет етеді дейді мамандар. Бүкіл Қазақстанның жоғары дәрежелі кардеологтарымен консилиум жасап ортақ шешімге келу керектігін айтты. Бір сөзбен айтқанда, жеті рет өлшеп бір рет кесу керек дейді. Ота жасаса 3-4 ай сахнаға шықпай демалуына тура келеді дейді. Кенжебек Тұрсынбайұлына дұға жасап қоялық. Алла шипа берсін. Ауырып жатқан жанның ұнжырғасын түсіре бермей, күлкіге көмкеріп, көңіл күйін көтеріп кету сауапты амалдардан екен. Құлан-таза жазылып аттай шауып жүрсін. Сіздерге де мықты денсаулық тілейміз, Қазақ елі", - деп жазды ол. 

Осыдан бірнеше күн бұрын Кенжебек Жанәбілов жансақтау бөліміне түскені белгілі болған еді. 

Желі қолданушылары әншінің тезірек сауығуын тілеп, пікір жазып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.