Оңтүстік Кореяда қазақтың ұлттық киімі көрсетілді
556
Сеул орталығында қазақтың ұлттық киімі көрсетілді, — деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Көрермендерге қазақ, вьетнам, корей ұлттық киімдері көрсетілді. Фестиваль Қазақстан, Оңтүстік Корея және Вьетнам арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына орайластырылды. Подиумнан қазақстандық студенттер жүріп өтті. Топтаманың ішінде дизайнер Динара Қошқарбаеваның авторлық көйлектері де бар.

"Өзім мен домбырашымын. Термені айтып, сахнада жүретін болғандықтан, киім жетіспеушілігі сахналық киім керек болды. Қазақстаннан алдыртатын болсаң, ол қымбат, оны алдырту өте ыңғайсыз. Содан кейін «әй мен өзім тігейінші» деген ойға келдім", - дейді дизайнер Динара Қошқарбаева