Барселонада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

2 334

Фото: dimashnews.com Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Испанияның Барселона қаласында алғашқы жеке концертін өткізеді,-  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі . 

Осы іс-шараға байланысты әнші мен оның командасы Испанияның мәдени астанасында баспасөз мәслихатын өткізіп, жанкүйерлердің сұрағына жауап берді. Жаздың алғашқы күндеріндегі Барселонадағы аптап ыстық ән әлемінің жарық жұлдызы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлеріне еш кедергі бола алмады. Сүйікті әншісін көру үшін шаһардағы баспасөз мәжілісіне Испанияның өзін айтпағанда Канада, АҚШ, Италия, Франция, Бельгия қалаларынан тыңдаушылар ағылды. Ал кездесуде қазақтың біртуар ұлына ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын білдіріп жатты.

 Рейчелл, Димаш Құдайбергеннің жанкүйері: - Димаштың өнерімен танысқаныма 5-6 жыл уақыт өткен шығар. Содан бері жанкүйеріне айналдым. Әсіресе осы «Дударай» әні ерекше жаныма жақын. Бүгін әншінің өзіне шырқап бердім, қатты толқыдым. Барселонадағы баспасөз мәжілісінде осылай қазақша ән шырқаушылар қарасы көп болды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.