Ертіс өңірінде музей күні ұлттық нақышта өткізілді
574
Павлодар облысында музейлер күнін атап өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агентттігі.
Екі жылдық үзілістен соң қайта жалғасқан мәдени шараға аймақтың барлық мұражай ұжымдары мен шығармашыл жастар қатысып, мерекенің ажарын ашты. Бұл 21 жасар суретші Әділ Шаймұратовтың соңғы екі жылдағы еңбегі. Музейлер күніне орайластырылған жеке көрмесіне қара бояумен салынған ондаған шығармасын ұсынды. Қылқалам шеберінің ойынша, қара және ақ түс еркіндіктің символы.
Әділ Шаймұратов, суретші:
- Картиналар экспрессионизм, каллиграфия бағытында орындалған. Бойымдағы сезімім мен эмоцияларымды қылқалам арқылы паш еттім. Қара және ақ түсті жайдан жай таңдаған жоқпын. Меніңше, бұл стиль мен түстер өнердің шексіз екенін көрсетеді. Облыстық көркемсурет музейі халықаралық мерекеге орай екі бірдей көрме ұйымдастырды. Павлодарлық суретшілер мен фотографтар жаңа туындыларын жұрт назарына ұсынды.
Ольга Пашко, облыстық көркемсурет музейі директорының орынбасары:
- Халық назарына павлодарлық суретшілердің еңбектерін ұсынамыз. Бұл авангардизм, абстракционизм, бір сөзбен айтқанда, шебердің ойын жеткізудің бір амалы. Музейдің басқа залдарында да біреше көрме ашылды. Қордағы шығармалар соғыс тақырыбына арналған, яғни реализм бағыты. Біз келушілерге бірнеше бағыттағы өнер туындыларын көрсетеміз. Ал музей жанында шеберлердің көрмесі мен сауда-саттығы қыза түсті. 30-дан астам шығармашыл жас қолөнер бұйымдарын, киім дизайнерлері жаңа коллекцияларын таныстырды.
Наталья Королева, киім дизайнері:
- Жазғы коллекциямда көйлектерге басымдық бердім. Әдемі және әмбебап киім әрдайым сұранысқа ие ғой. Үлгілерді өзім ойластырып, өзім тігемін. Бұл шараға келіп, мәре-сәре болып жатырмын.
Юлия Кожокар, қала тұрғыны:
- Мәдени шараларды сағынып қалғанымыз рас. Шеберлердің еңбектерімен таныстық. Соңғы жылдары көрмелерге барудан қалдық. Енді барлығы қайта жанданды. Қуаныштымыз. Халықаралық музейлер күні мерекесінің тарихы 1977 жылдан басталады. Ал Павлодар облысында соңғы он жыл бойы аталып өтіледі.