"Патруль" сериалы Польша көрермендеріне жол тартпақ

256

Фото: видеодан скриншот“BAS production” ұжымының мүшесі, сценарист продюсер Марат Оралғазин қазақстандық "Патруль" сериалы Польша көрермендеріне жол тартатынын мәлім етті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

“Біздің жазған сценарийді Польша елі сатып алды. Түсірілім басталып кетті. Жуырда Польша көрермендері қазақстандық сериалдың адаптациясын көре алады. Қателеспесем, бұл шетелге франшиза, формат ретінде сатылған алғашқы ТВ өнім!”, – деп жазды Оралғазин желідегі парақшасында.


Сценарист қазақтың туындысы Еуропада бағаланып жатқаны шығармашылық ұжымдар үшін үлкен мотивация екенін атап өтті. 

“Еңбек бәрін жеңбек! Бұл әлемдік индустрияда Қазақстан экспансиясың бастамасы ғана деп сенейік!”,  деді Марат Оралғазин.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.