Қазақстанда жаңа мереке пайда болмақ

1 376

Еліміздің мерекелер тізіміне жаңадан Сапа күні енгізілмек, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қарашаның екінші бейсенбісі Сапа күні деп бекітілді.


Мереке отандық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жетілдіруге ықпал етеді.


"Сапа күнінің әлеуметтік маңыздылығы импортты алмастырып, отандық тұтыну нарығындағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы сауаттылық деңгейін арттыруға байланысты", – делінген негіздемеде.


1989 жылдан бастап қарашаның екінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сапа күні атап өтіледі. Оны БҰҰ қолдауымен еуропалық, америкалық және жапонның сапа ұйымдары құрды. 


Құжат 15 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.