«Ағайындылар» фильмі Германиядағы кинофестивальде жүлделі болды

668
Қазақстандық режиссер Дархан Төлегеновтің «Ағайындылар» дебюттік толықметражды фильмі Oldenburg International Film Festival (Германия) кинофестивалінде жүлдеге ие болды. - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Кинокартина қазылар алқасының арнайы сыйлығы - «Spirit of Cinema» («Кино рухы») аталымымен марапатталды. Жүлде ретінде режиссерге қола мүсінше табысталды.

«Ағайындылар» - Ольденбург халықаралық кинофестивалінде көрсетілген алғашқы қазақстандық фильм. Сонымен қатар, картина АҚШ, Канада, Ресей және Албаниядағы фестивалдердің ресми бағдарламаларына кірді. Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген фильм отандық прокатқа келесі жылдың басында шығады.

Айта кетсек, Oldenburg International Film Festival 14-18 қыркүйек аралығында өткен болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.