Қазақстанда мәдени ұйымдардың шығындарын субсидиялау мөлшері ұлғаймақ

385
Еліміздегі 4 мәдени ұйымның шығындарын мемлекет тарапынан субсидиялау көлемі артуы мүмкін, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Туризм индустриясы комитеті тқрағасының бұйрығында көрсетілген.


Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бөлінетін субсидия 85-тен 86%-ға өседі. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығыстарын субсидиялау 91-ден 92%-ға артады. Ал Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен ҚР Ұлттық музейіне бөлінетін субсидия 94,8-ден 95%-ға ұлғаяды, - деп жазылған құжатта.

Бұйрықты ашық талқылау 3 ақпанға дейін жалғаспақ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.