Бүгін қазақтың тұлғасы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туғанына 111 жыл толуда

501
Биыл Қазақстанның көрнекті саясаткері Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 111 жыл толып отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) - аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, КСРО, шет ел ордеңдері мен медальдерінің иегері. Ол отыз жылдан астам уақыт ел басқарды. Мемлекет пен қоғам қайраткерінің өмірі тағылымға толы. Содан болар, ол кісінің айтқан әрбір сөзі қазіргі ұрпақ үшін тәлім-тәрбие беретін нақылға айналған.

Қызықты ақпараттар:

Дінмұхамед Қонаев - КСРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ.

Ол КСРО ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.

Отбасында 11 баланың 4-шісі.

Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.

Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.

Қонаевтің жеке күзетшілері болмаған.

Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.

Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м

Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаев үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап:

 
Бар дүниең осы ма?- деп таңданады.


Қонаевтың қанатты сөздері:

Дүние түске дейін киіз, түстен кейін мүйіз болып кетуі әп-сәтте.
 ***
Бүгінгі күн – кешегі күннің шәкірті.
 ***
Жалада шындық болмайды.
 ***
Адамға жазаның ең үлкені – жұмыссыз қал­ды­ру.
 ***
Панам да ел, данам да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім.
 ***
Сенім – құдіретті күш: тауды да қозғайды.
***
Абыройдан ақ отау тіктім деген кісінің пенделігі аз болмайды.
 ***
Орынды сын ойлантпай қоймайды.