Сейітқали Меңдешевтің 140 жылдығына орай жинақ шықты
645
Автономиялы Қазақ Республикасы Орталық Атқару Комитетінің тұңғыш төрағасы Сейітқали Меңдешевтің 140 жылдығына орай «Сейітқали Меңдешев. Құжаттары мен материалдар жинағы» атты кітаптың тұсауы ресми кесілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Тұсаукесер рәсімін Алматы қаласындағы «Ғылым Ордасында» ҚР Орталық мемлекеттік архиві, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мен «Ғылым Ордасы» РММ бірлесе отырып ұйымдастырды. Шараға отандық және шетелдік тарихшы ғалымдар, студенттер, магистранттар, докторанттар және БАҚ өкілдері, C.Меңдешевтің туыстары мен жерлестері, сондай-ақ, осы тақырыпқа қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.
С. Меңдешевтің 140 жылдық мерейтойына тарту болған жинақ ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, идея авторы С. Шілдебайдың ғылыми жетекшілігімен құрастырылған. Жинаққа 93 тарихи құжат, С. Меңдешевтің 44 мақаласы мен 22 фотосы енгізіліп, фотодағы көптеген қайраткерлердің кім екендігі тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан анықталған. Ресей мен Қазақстан архивтерінен жиналған тарихи фотолардың 10-нан астамы бұрын-соңды белгісіз болып келген суреттер.

«Кітапты шығарудағы мақсат – Қазақ республикасының құрылуы мен қалыптасуына ерен еңбек сіңірген Сейітқали Меңдешевтің тарихи тұлғасы, оның қазақ халқына сіңірген қызметі арқылы ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы тарихтың ақтаңдақ беттерін ашу, отандық тарихи тұлғатану ғылымына үлес қосу, өскелең ұрпақты отансүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеу, Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарға және бүкіл әлемге паш ету»,-дейді шараны ұйымдастырушылар.