Қазақстандық режиссер «Қорқыт ата» арнайы сыйлығына ие болды
Қазақстандық режиссер Досжан Жанботаев Бакуде өткен түркі әлемінің кинофестивалінде «Жамбыл» фильмі үшін «Қорқыт ата» арнайы сыйлығын алды, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.
Түркі әлемінің арнайы «Қорқыт ата» III кинофестивалінің жабылу рәсімі «Шуша - түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы» жылы аясында Гейдар Алиев Орталығында өтті.
Іс-шараға Баку медиаорталығының жетекшісі Арзу Алиева, ресми тұлғалар, түркі әлемінің белгілі өнер қайраткерлері мен өзге де қонақтар қатысты.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев сөйлеген сөзінде фестивальдан алған әсерін баяндады.
Ол «Қорқыт ата» III кинофестивалі түркі әлемінің фильмдерін насихаттаудың жақсы мүмкіндігі екенін атап өтті.
«Біз бұл іс-шараның ұйымдастырылуына алдағы уақытта да қолдау көрсете береміз»,-деді Сұлтан Раев.
Сөз соңында ол Әзербайжанның халық әртісі Фахреддин Манафовқа ТҮРКСОЙ-дың арнайы наградасын тапсырды.
Өз кезегінде әділқазылар алқасының төрағасы, Әзербайжанның халық әртісі Вагиф Мустафаев фестивальдің мән-маңызына тоқталды.
Одан әрі қонақтарға документалды және көркем фильмдер байқауының әділқазылар алқасының мүшелері таныстырылды.
Түркі әлемінің кинематография саласына сіңірген еңбектері үшін құрмет наградаларымен Ходжакули Нарлиев, Маягозель Аймедова, Чарыяр Сейтлиев (үшеуі де Түрікменстанан), Сердар Гекхан, Метин Гюнай (екеуі де Түркиядан), Гамида Омарова, Огтай Миргасымов, Орман Алиев, Агаси Мамедли (Әзербайджан), Фирдавс Абдухаликов (Өзбекстан) және Азамат Сатыбалды (Қазақстан) марапатталды.
Әділқазылар алқасының арнайы сыйлығына «Жамбыл» фильмі үшін қазақстандық режиссер Досжан Жанботаев пен «Әрдайым 33» фильмі үшін түркиялық режиссер Мұрат Пай лайықты деп танылды.
Сондай-ақ жиында «Үздік сценарий», «Үздік актер», «Үздік режиссер», «Үздік документалды фильм», «Үздік көркем фильм» аталымдарының иегерлері мен өзгелер марапатталды.
Әзербайжаннның Мәдениет министрі Адиль Керимли түркі әлемінің «Қорқыт ата» III кинофестивалінің маңызын жоғары бағалап, оның өткізілуіне үлес қосқан азамттардың барлығына алғыс айтты.
Алғашқы фестиваль 2021 жылы Түркияның Ыстанбұл қаласында ұйымдастырылған, 2022 жылы Бурсада өтті.
Фестивальда Әзербайжан, Түркия, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан сондай-ақ Гагаузия (Молдова), Татарстан, Саха-Якутия, Дагестан (Ноғай ауданы), Кабардин-Балқар, Чувашия, Қарашай-Черкес, Тува мен Башқұртстаннан (Ресей Федерациясы) 32 документалды және анимациялық фильмдер ұсынылды.