Мұхтар Әуезов атындағы театрдың 100-ші маусымы ашылды

2 538

Фото: Кайрат КонуспаевМұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100-ші маусымы салтанатты түрде ашылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық театр өзінің мерейтойына орай «Ғасырға басқан қадам» атты театрландырылған қойылымын ұсынды. Кеш барысында көрермендерге театр репертуарындағы таңдаулы спектакльдерден сахналық үзінділер көрсетілді. Сонымен қатар, қонақтарға «Ғасыр жасаған ұлт театры» атты интерактивті көрме ұсынылды. 

Театрдың баспасөз қызметі мәлімдегендей, «бір ғасыр бойы сахнадан көрермен жүрегіне жол тапқан әр спектакль – халықтың үні, заманның тынысы. Қазақ театрының ғасырлық шежіресі – елдің өткені мен бүгіні, ұлттық рух пен көркем ойдың тұтас әлемі».

Еске салсақ, қазақтың тұңғыш кәсіби театры – Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында ашылған. Алғашқы қойылымдары Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» және М.Әуезовтің «Еңлік – Кебек» пьесаларының үзінділерінен тұрады.

1928 жылы театр Алматыға көшіп, жаңа буын актерлермен толықты. 1937 жылы академиялық театр мәртебесін алған, ал 1961 жылы жазушы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.