"Тарих - таразы": Тоқаев Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш орнатпақ

2 503

Фото: Ашық дерек көзіБиыл мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтың 80 жылдығына орай Алматыда ас берілді. ҚР Президентінің кеңесшісі - Баспасөз хатшысы Берік Уәли аста Қасым-Жомарт Тоқаевтың хатын оқыған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

 

 Нартай Өтегеннің facebook парақшасына ҚР Президентінің хатынан үзіндіде автор  :


"... Тәуелсіз Қазақстан тарихында ел мүддесі үшін аянбай еңбек еткен азаматтар аз емес. Заманбек Қалабайұлы - осындай тұғырлы тұлғалардың бірі. Ол егемендіктің алғашқы кезеңінде көптеген жауапты қызметті абыроймен атқарды. Мемлекетімізді нығайтуға айрықша атсалысып, өңірлерді өркендетуге зор үлес қосқаны даусыз. Ұлт перзенттерінің есімін ел жадында жаңғыртып, еңбегіне лайықты баға беру - ұрпақ парызы. Осы орайда, Зәкеңнің туған жері - Алматы облысының Кеген ауданында оған ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйінде ескерткіш-тақта ашу қажет деп санаймын. " Тарих - таразы" деп бекер айтылмаған. Халқымыздың кесек тұлғалы азаматының елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды..." - дегенін айтты.