Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік Gala Вallet өтеді
«Астана Балет» сахнасында 6-7 наурызда халықаралық әйелдер күніне арналған Gala Ballet мерекелік кеші ұйымдастырылады,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Көрермен назарына классикалық мұра жауһарлары мен заманауи хореографиялық қойылымдардан құралған әсерлі әрі жан-жақты бағдарлама ұсынылады.
Кеште бас дирижер Арман Оразғалиев симфониялық оркестрге жетекшілік етеді.
Бірінші бөлімде хореографиялық миниатюралар, сондай-ақ Петр Чайковскийдің музыкасына Айнұр Әбілғазина қойған «Триумф» балеті көрсетіледі.
Бағдарламада Арам Хачатурянның «Спартак», Сергей Рахманиновтың «Көктемгі қарғын су», Адольф Аданның «Жизель», Камил Сен Санстың «Аққу», Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетінен па-де-де және басқа да балет үзінділері бар.







