Өзбекстанда Қазақстанның мәдениет күндері өтіп жатыр
Өзбекстандағы Қазақстанның мәдениет күндерін Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының гала-концерті ашты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Туркистон» өнер сарайының сахнасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Салтанат Ахметова, Алишер Каримов, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Рухия Байдүкенова, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Салтанат Меңдіғалиева, Дидар Әбдіхалық, Gulder ансамблі мен Turan этно-фольклорлық ансамблінің әртістері өнер көрсетті.
21 маусымда Ташкентте Turan этно-фольклорлық ансамблі Өзбекстан Ұлттық симфониялық оркестрінің бас дирижері Әлібек Қабдурахмановтың басшылығымен Өзбекстан симфониялық оркестрімен бірлесіп өнер көрсетеді. Симфониялық оркестр мен ежелгі қазақ музыкалық аспаптарын біріктірген Turan ансамблінің Folk & Symphony бірегей авторлық жобасы алғаш рет Ташкент көрермендеріне ұсынылады.
15 жыл ішінде Turan этно-фольклорлық ансамблі АҚШ, Германия, Франция және басқа елдердің ірі залдарында бірнеше рет өнер көрсетті. Әр жылдары ансамбль өнер сүйер қауымды Carnegie Hall, Kennedy Center, Zellerbach Hall сияқты ірі шетелдік сахна орындарда музыка әуесқойларын шығармашылығымен қуантты. Шығармашылық ұжымның құрамына 30-дан астам халық аспаптарын меңгерген талантты музыкант-мультиинструменталистер: Мақсат Медеубек, Серік Нұрмолдаев, Бауыржан Бекмұханбетов, Ержігіт Әлиев, Жанту Дадаев кіреді.
«Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымы мен солистері 22 маусымда Самарқанд қалалық «Нұрафшон» мәдениет сарайында, 23 маусымда - Бұхара қаласының Жастар орталығының концерт залында концерт қояды.
Қазақстан мәдениет фестивалі 23 маусымда «Абай» операсымен аяқталады, оны Өзбекстан Мемлекеттік академиялық үлкен театрының сахнасында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры көрермендерге ұсынады.
Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстан астанасында Қазақстан кино күндері басталды.