Димаш араға жеті жыл салып Singer ән байқауының сахнасына қайта оралды

2 514

Фото: WeiboФото: WeiboҚазақстандық әнші Димаш Құдайберген араға 7 жыл салып «Singer 2024» ән байқауының сахнасына оралды. Конкурста Димашпен бірге ән салған үміткер финалға өтпей қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Байқау шартына сәйкес, Димаш жобаның ақтық бәсекесінде америкалық танымал әнші Шанте Торрейн Мурмен бірге өнер көрсетіп, Lose Control әнін шырқады.

Өкінішке қарай, Шанте Мур финалдық бәсекенің екінші кезеңіне өтпей қалды.

Ал әділқазы шешімі қытайлық әлеуметтік желіде жанкүйерлердің наразылығына ұшырады. 


Сондай-ақ, олар жеңімпазды телекөрермендердің дауыс беруі арқылы таңдау керек деген пікір айтып жатыр. 

Weibo әлеуметтік желісі қолданушыларының айтуынша, «әлемге танымал қос әншінің өнері — кештің ең жарқын сәті болды, ал Шанте Мурдың келесі кезеңге өтпеуі тіптен ақылға сыймайды». 


Айта кетейік, Шанте Торрейн Мур — америкалық әнші, актриса және тележүргізуші.

Шанте Мурдың дебюттік студиялық альбомы «Precious» 1992 жылы жарыққа шығып, Американың дыбыс жазу өнеркәсібі қауымдастығының (RIAA) алтын сертификатына ие болған.


Ол сондай-ақ екі рет Грэммиге үміткер ретінде ұсынылды.