"Қазақфильм" 300 млн теңге бөлінген фильмнен 7 мың теңге ғана табыс тапқан
Мәдениет және ақпарат министрлігі 165 млрд теңге бюджетімен бірнеше рет жасалған түзетуіне қарамастан, шамамен 2 млрд теңгені игермеген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Мысалы, "Әруақ" кинофильміне 300 млн жұмсалса, табысы – 7 мың теңгені ғана құрады, "Композитор" киносына - 1,2 млрд бағытталса, оның табысы - 400 мың теңгені құрады", - деді сенатор Бекболат Орынбеков.
Сондай-ақ, ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы бойынша, 2019 - 23 жылдары бюджеті 6,7 млрд, ал прокат сомасы бар болғаны - 1,1 млрд теңге.
Бюджетті тиісміз жұмсап отырған тағы бір министрлік Экология және табиғи ресурстар министрлігі. 11,4 млрд көлеміндегі шығындар сегіз рет түзетілгенімен, тиімсіздік 7,7 млрд теңгені құрады.
Жалпы есепті жылы бюджет қаражатының 73,3 млрд теңгесі игерілмеген.