Елімізде алғаш рет «Абай» монооперасы қойылды

2 678

Фото: 24.kz«Астана Опера» сахнасында алғаш рет Абайдың әндерінен моноопера қойылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Сирек жанрға түрен салған Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шахимардан Әбілов. "Толық адам. Ой толғау. Хәкім Абай" моно-операсы оның көп жылғы ізденісің жемісі. Мұнда ұлы ақынның көп шырқала бермейтін 10 туындысы енген. Бұған дейін де өнер қайраткері Абай шығармаларын шет елдерде танытуға үлес қосты. Моноопера 3 бөлімнен тұрады. Данышпанның тәрбие, білім, ғылым, өнер және махаббат жайлы әндері бір сағаттан артық үзіліссіз әуелейді. Кеште сондай-ақ "Астана Опера" театрының балалар хоры өнер көрсетті. 

Шахимардан Әбілов, Қазақстанның халық артисі, опера әншісі: - Оның «Толық Адамы» үлкен ұстаздық, әлемдік деңгейі. Оған 3-ақ нәрсе керек дейді: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Оған тағы не керек дейді: білім керек дейді. Бірақ оның өзінде толық адам болмайды дейді. Оған тағы адамшылдық қасиет керек. Ол әділет, сезім махаббат кімде болса көп болса, ғалым-ғакил дейді.


 




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.