Кітап оқу мәдениетін дамытуға бағытталған жаңа тележоба іске қосылды
«Хабар» телеарнасы мен «Кітап оқитын ұлт» қоға
мдық қоры Ұлттық кітап күніне орай ауқымды медиажобаны іске қосты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі El.kz сайтына сілтеме жасап.
«Хабар» телеарнасы мен «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қоры Ұлттық кітап күніне орай ауқымды медиажобаны іске қосты. 23-ші сәуірде атап өтілетін Ұлттық кітап күні қарсаңында «Хабар» телеарнасы «Кітап оқитын ұлт» қоғамдық қорымен бірлесіп, арнайы медиажобаның басталғанын жариялады. Бастама кітап оқу мәдениетін жаңғыртуға, заманауи әдебиетті кеңінен насихаттауға бағытталған. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайда берген тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Бағдарлама барысында көрермендерге арналған интерактивті әдеби викториналар ұйымдастырылып, танымал бестселлерлерге шолу жасалады. Сонымен қатар жазушылармен, қоғам қайраткерлерімен және әдебиет саласының сарапшыларымен сұхбаттар ұсынылады.
Жобаның басты мақсаты - кітап оқуды қалың көрермен үшін тартымды, қолжетімді әрі заманауи үрдіске айналдыру. Ұйымдастырушылар барша қазақстандықтарды аталған бастамаға белсенді қатысып, әдебиет әлемін жаңаша қырынан тануға шақырады.
Қазіргі таңда «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасына Қарағанды және Қостанай облыстары мен Шымкент қаласынан 189 мыңнан астам адам қатысуда. Олардың қатарында мектеп оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ отбасылық әулеттер бар. Жоба «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының бастамасымен Қарағанды, Қостанай облыстары және Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесіп, «Amanat» партиясының қолдауымен жүзеге асырылуда.







