Актер Дулыға Ақмолда «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды

589

Кино және театр актері Дулыға Ақмолда «Мәдениет майталманы» медалімен марапатталды,- деп хабарлайды  

 Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының баспасөз қызметі.


Театрымыздың актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының лауреаты Дулыға Ақмолданы «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігі еліміздің мәдениетінің өркендеуіне ұзақ жылдар бойы қосқан үлесін және ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетін жоғары бағалап, «Мәдениет майталманы» медалімен марапаттады,-делінген хабарламада.

Дулыға Ақмолда - театр және кино актері. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген.

М. Әуэзов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.