Silk Way Star – жобасында жеребе тарту рәсімі өтті

2 544

Фото: Jibek Joly«Silk Way Star» шоуының салтанатты жеребе тарту рәсімі аяқталып, гранд финалға қатысушылар анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Тізім реті мынадай:

Язмин Азиз

Автандил Абесламидзе

Чжан Хе Суань 

Саро Геворгян 

Мишель Джозеф

Мадинабону Адылова

ALEM

– Бұл жерде ең бастысы – бірлік және достық. Бұл мегажобаға қатысқанымызға қуаныштымыз. Мен үшін кім жеңсе де маңызды емес. Бірақ сіздер біздің тағдырымызды шешесіздер, сондықтан өз жеңімпаздарыңызды таңдаңыздар. Міндетті түрде ерінбей дауыс беруді сұраймын, – деді ALEM.

Айта кетейік, алғашқы кезеңде сахнаны ашқан ALEM ертеңгі финалда соңғы болып шығуы жоспарланған.

– Қолдап, қарап жүргендеріңізге рахмет. Біз Қазақстан халқының жылы қабылдауын сезіп отырмыз. Бұл шоу аяқталып жатқаны өкінішті, бірақ алда әлі көптеген қызықты жобалар бар, біз әлі көптеген байқауларға қатысамыз, – деп Мадинабону Адылова көрермендерге алғысын білдірді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.