Бибігүл Төлегенова атындағы байқаудың жеңімпазы анықталды
Алматыда Бибігүл Төлегенова атындағы ХІІ халықаралық вокалистер конкурсы аяқталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Вокалистер байқауы – Орталық Азиядағы бірінші конкурс. Әлемнің үздік әншілері бақ сынайтын байқауға 66 өтініш түскен. Олардың арасында 14 өнерпаз ақтық сынға жолдама алды.
Он екінші рет өткен айтулы байқауда әзербайжандық Махир Тагизаде топ жарды. Жүлделі орындарға ие болғандардың ішінде қазақстандық вокалистер мен Қытайдан, Армениядан келген өнерпаздар бар.
Арнайы сыйлық астаналық Хайрулла Айбек, Қытайдан келген Ю Жоянға, сондай-ақ ресейлік Виктория Ивановаға бұйырды.
Айта кетейік, Бибігүл Төлегенова атындағы халықаралық вокалистер конкурсы 2001 жылдан бері әр екі жыл сайын өткізіліп тұрады. Биыл Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының мерейтойлық 90-ашылу маусымының аясында өткізілді.
Тағы да оқыңыздар







