Netflix Алматыда туристік реалити-шоу түсіреді

2 532

Фото: ShutterstockӘлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсірілетінін хабарлады. Алматыдағы түсірілім 20-30 мамыр аралығында өтеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы өзінің reality travel show үшін орын ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.


Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметінің мәліметінше, Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ. 


Айта кетейік, Netflix – кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші платформа. 


Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.