Қазақстан тарихын дәріптейтін комикс журнал жарық көрді

673
Қарағанды облыстық Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары «Тарихи хикаялар» сериясымен комикс журналдарын шығара бастады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.




Тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаеваның айтуынша, мақсат – тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау.

Мақсат – тарих пәніне деген қызығушылықты заман өзгерістеріне сай насихаттау. Төменгі сынып оқушылары сурет арқылы ақпаратты тез қабылдайды және аниме, манга жанрына құмар. Мұны кітапханаға комикс сұрап келетін балалардың көптігінен байқап, 11-сыныптың оқушыларына қазақша комикс жасап көруді ұсындым. Олар бірден келісті. Алдымен тақырып таңдап, зерттеп, іске кірісіп кетті де, көп ұзамай, мектеп басшылығының қолдауымен «Қазақ хандығының құрылуы» атты комикс дайын болды, – деді тарих пәнінің мұғалімі Әсем Тарыбаева.


Алғашқы 10 дана журнал мен комикстің электронды нұсқасы мектеп ішінде үлкен сұранысқа ие. Бұл Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында комикс үйірмесінің ашылуына түрткі болды. Қазір мұнда 15 бала жаңа жанрды игеруде. Ашылғанына 1 ай болған үйірме қатысушылары «Тарихи хихикаялар» сериясының екінші шығарылымын ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арнап отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.