Елордалық суретші тарихты бейнелейтін картиналар салады

386
Суретші Ғазиз Жұмабеков тарихты бейнелейтін картиналар салады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Суретшінің айтуынша, сскі иллюстрацияларды қарап отырсан, қылышпен бірінің басын шауып жатқан, қантөгістер бейнеленеді. Көбінесе ол үлкен кісілермен бірге балаларда қарайды, жиіркенішті болмау керек деп есептеймін. Өлең айтқанда әдемі шыққан сияқты, сурет те біркелі әсемдікке тәрбиелеу керек деп ойлаймын. Мысалы, менің картинамда  қалмақ пен қазақтың соғыспай, жақындап келе жатқан сәтінде тоқтап қалған. «С птичего полета» дейді. Сондай бір жерден қарап тұрғандай болуы керек көрермен.

"Тарихты бейнелеу де жауапты іс, қателесуге болмайды" - дейді ол.

Қазақтың тарихын шығармашылығына өзек еткен  шебер әлі талай оқиғаның бейнесін қағазға түсіргісі келеді. Өйткені сурет елдің шежіресін ұрпақ жадында жаңғыртудың ең тиімді жолы. Алайда індет пен тұрақты шеберхананың болмауы бұл жоспарды орындауға мүмкіндік бермей тұр.