Елордада көзі нашар көретіндерге арналған көрме ашылды

2 677

Фото: 24.kz«Көзге көрінбейтін әлем» атты іс-шара ÓzgeEpic креативті хабында ұйымдастырылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Онда әлемдік фото шеберлерінің объективіне іліккен оннан аса туынды қойылды. «Басты мақсат – өнерді зағип жандарға қолжетімді етіп, оларға рухани ләззат сыйлау», – дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан фотосуреттер ұстап-сипап көруге ыңғайлы бұдырлы бейне, дыбыстық ақпараттар мен Брайль қарпіндегі мәтіндермен қоса ұсынылды. Әлеуметтік маңызы зор бұл көрме ай соңына дейін жалғасады. 


Алмат Рысқали, ұйымдастырушы: - Мына суреттердің барлығы тактильді.Ұстап-сезініп көруге болады. Осы суретттерде тек қана сезінбей, онымен қоса аудио таспа бар. Ол әрбір суреттің тарихын айтады. Қалай түсірілгенін, қай жерде түсірілгенін айтады. Сол тарих брайль қарпімен жазылған.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.