Халық жазушысы, ақын Исраил Сапарбай 85 жасына қараған шағында өмірден өтті

2 306

Фото: facebook.com/kbegmanovАқынның таңғы сағат 04:00 шамасында Қаскелеңдегі үйінде ауыр науқастан қайтыс болғанын Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов хабар жеткізді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Бүгін таңнан суық хабар жетті. Таңғы сағат төрт шамасында 85 жасына қараған шағында Қазақстанның халық жазушысы, Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының лауреаты, аса көрнекті ұлт ақыны, белгілі драматург, талантты сазгер Исраил Сапарбай ағамыз дүниеден өтті. Ұлы ақынның Қаскелеңдегі қара шаңырағында, бала-шағасының алдында ауыр науқастан қайтқаны жайлы хабарды маған ағамыздың ұлы Нұрлан Исраилұлы бауырым хабарлады. Қазақстан Жазушылар одағының Төрағасымен бірге ағамыз қатты ауырып жатқанда, ауруханаға барып, үнемі хабар алып тұрдық. Соңғы барғанымызда күбірлеп, ақырын өз өлеңін оқып жатты…, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Исраил Сапарбай қазақ поэзиясында өзіндік қолтаңбасы бар, ұлт руханиятына өлшеусіз мұра қалдырған көрнекті қаламгер еді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.