Су үнемдеу мәдениетіне арналған жаңа білім беру ресурсы әзірленіп жатыр

2 510

Фото:© gov.kzСу ресурстары және ирригация министрлігі білім беру үдерісінде және балалар мен жастармен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстарда пайдалануға арналған "Су сандығы" оқу-әдістемелік ресурсын әзірлеп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

Ресурсқа тақырыптық оқу материалдары, практикалық тапсырмалар мен жаттығулар, ақпараттық және әдістемелік әзірлемелер, экологиялық ертегілер, сондай-ақ "Су ізі" платформасын қоса алғанда, цифрлық құралдар енгізілген. Материалдар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген. Оларды педагогтер сабақтарда, экологиялық сағаттарда, сыныптық және сыныптан тыс іс-шараларда пайдалана алады. "Су сандығын" толтыру бойынша жұмыс су ресурстары, білім беру және экологиялық ағарту саласындағы мамандардың қатысуымен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта материалдардың басым бөлігі қалыптастырылып, оларды білім беру ұйымдарына таратуға дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.

"Су сандығы" министрлік жобалары аясында жинақталған экологиялық ағарту және су үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған материалдар мен тәжірибелерді біріктірді. Енді бұл білім мен құралдар бір ресурста жинақталып, педагогтерге оларды балалар мен жастармен жұмыс барысында пайдалануға мүмкіндік береді", – деді "Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы" КЕАҚ басқарма төрағасы Қайратғали Хайрулла.

Жұмыстар аяқталғаннан кейін "Су сандығы" ресурсы елдегі білім беру ұйымдарына оқу процесінде және сыныптан тыс жұмыстарда пайдалану үшін беріледі.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.