Мәдениет және спорт министрлігіне қосымша құзырет берілмек
1 471
Ашық НҚА порталында «Мәдениет және спорт министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы талқыға шығарылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Құжатта атап көрсетілгендей, Мәдениет және спорт министрлігіне қосымша мына қызметтер беріледі:
- мәдениет мәселелері бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрып, ережені бекітіп береді;
- мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия беру қағидаларын бекітеді;
- архив және кітапхана ісі, геральдика салаларындағы ұлттық және халықаралық конкурстар мен фестивальдарды, сыйлықтар мен жүлделерді тағайындайды;
- халықаралық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан ұлттық құрама командаларының мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшерін бекітеді;
- бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ел аумағында болатын республикалық, облыстық және халықаралық спорттық жарыстарын медальдармен қамтамасыз ету нормаларын бекітеді;
- Республикалық ономастикалық комиссия құрады;
- Кинемотография саласындағы мемлекеттік қолдау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жасақтайды;
- туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін құрады;
- лотерея операторын және оған лоторея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды.
Үкімет қаулысы 20 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Осыдан кейін қол қою үшін премьер-министрге жолданады.