Өзбекстанда қазақ киносының күндері өтуде

1 376

2023 жылғы 20 маусымда Ташкентте басталған қазақстандық киносы күндері аясында қазақстандық киногерлердің тоғыз фильмі өзбекстандық телекөрермендеріне ұсынылады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Режиссер Болат Мансұровтың Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ өндірістік-техникалық базасында қайта өңделген «Сұлтан Бейбарыс» толықметражды көркем туындысы жаңалық болды.


20-23 маусым аралығында Әлішер Науаи атындағы Орталық кино үйінде өтетін іс-шара аясында көрермендерге «Мұқағали» (режиссер Болат Қалымбетов), «Дос-Мұқасан» (Айдын Сахаман), «Паралимпиадашы» (Алдияр Байрақымов), «На старте» (Ернар Нұрғалиев) мен «Лето 1941-го» (Бекболат Шекеров) көркем фильмдері ұсынылады.


Балаларға «Кенже қыз» (Иван Ардашов), «Бесік жыры» (Дильшат Рахматуллин) мен қазақ анимациясының негізін қалаған, режиссер, суретші Әмен Қайдардың 100 жылдығына арналған «Әмен ағаның ғажайып бәйтерегі» (Жанәділ Байдарбеков) анимациялық фильмдері көрсетіледі.


Қазақстандық кинематографшылардың жұмысы Ташкент тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды.