Қазақ мәдениетін зерттеуші Қалжан Қоңыратбайұлына 125 жыл

171
Қазақ мәдениетін зерттеуші Қалжан Қоңыратбайұлына 125 жыл толды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

 Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Шиелі болысына қарасты Кердері елді мекенінде туған. Қоғам қайраткері, ағартушы, фольклортанушы, публицист, заңгер, 20 ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті мен мәдениетін зерттеушілердің бірі. Жасында ескіше хат танып, Түркістан маңындағы Қарнақ медресесін,  Түзем орыс мектебін бітірген. 1914–1915 жж. Кердері жерінен мектеп ашып, оқулық бастырып, ауыл балаларын оқытқан. 


20 жылдары Ә.Диваевпен бірге Сырдария, Жетісу өлкелеріне фольклорлық экспедициялар ұйымдастырған. Шиелі болыстық кеңесінің екі дүркін депутаты, халық ағарту комиссариаты мектеп бөлімінің меңгерушісі болған. 1923-1924 жж. Ақмешіт уездік 11-12-съездерінің делегаты, ағарту комитетінің төралқа мүшесі, 1924 жылы Түркістан ОАК-нің 12-съезіне Сырдария губерниясынан делегат, 1925 жылы Кеңестердің 5-съезінде ҚазОАК мүшесі болып сайланған. 1924-1926 жж. Ақмешіт уезі 3-бөлімшесінің халық соты. Қазақ төңкерісіне дейін «Қазақ», «Айқап» басылымдарының Сырдария губерниясындағы арнаулы тілшісі болған. Осы басылымдардың бетінде Шиелі өңірінің тарихы, Тұрғанбай датқа ұрпағы, т.б. туралы оқу-ағарту рухындағы мақалалары жарияланған. Мәскеуде шығатын «Иль», «Уақыт», «Тәржіман» газеттерін Сыр еліне алдырып тұрған. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқай, С.Қожановтармен тығыз араласып, 1917 жылы 5 қаңтарда Түркістанда өткен Сырдария алашордасының съезінде сөз сөйлеген. 

1930 жылдары «Қой туралы», «Түйе тұқымын асылдандыру» туралы кітапшалары жарық көрген. Республикалық, уездік басылым беттерінде әліпби, күріш егісіне байланысты мақалалары жарияланған. 


1937 жылы 30 желтоқсанда «алашордашыл» ретінде ұсталып, Хабаровск өлкесіндегі №22 Амурлагте қайтыс болған. 1956 жылы азаматтық, 1993 жылы саяси тұрғыдан толық ақталған. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.