«Алтын адам» Париждегі Лувр музейінде көрмеге қойылмақ

1 350

2026 жылға жоспарлаған Луврдағы қазақ өнерінің көрмесі аясында «Алтын адам» тарихи жәдігері келушілердің назарына ұсынылмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


«Алтын адам» – Қазақстанның ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Бұған дейін аталған жәдігерді халықаралық деңгейде ұлттық брендке айналдыру мақсатында «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық жобасы әлемнің 12 мемлекетінде жүзеге асты. 2026 жылы Франциядағы Лувр музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесін ұйымдастыру аясында «Алтын адам» мен музейдегі тарихи құндылығы бар заттар жәдігерлерді іріктеу комиссиясына ұсынылады», - делінген ҚазАқпарат тілшісінің сауалына Ұлттық музейдің жауабында.


Еске сала кетейік, биыл ақпанда Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Луврда қазақ өнернің көрмесі өтетіні туралы айтқан еді.

«Қос мемлекет басшыларының кездесуінде 2025-2026 жылдары Францияда қазақ мәдениетінің күндерін өткізу туралы шешім қабылданды. Бүгін біз Луврда қазақ өнерінің көрмесін, сондай-ақ артистеріміз бен шығармашылық ұжымдарымыздың қатысуымен Парижде ауқымды концерт өткізу мүмкіндігін талқыладық. Бұл мәдениет қайраткерлері үшін құнды тәжірибе болады деп санаймын», - деген еді министр.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.