ҰҚК Семей тұрғынынан ежелгі Сақ дәуірінің тарихи жәдігерлерін тәркіледі
2 469
Ұлттық қауіпсіздік қызметі тарихи құндылыққа жататын бағалы бұйымдардың заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен Семей қаласының тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі .
ҰҚК таратқан ақпаратқа сүйенсек, тінту барысында аң стилінде орындалған Сақ дәуіріне жататын жалпы салмағы 79 гр. 4 алтын әшекей тәркіленген.
“Қылмыстық кодекстің 193-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, бірқатар сараптамалар тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды”, – делінген мәліметте.