«Аттың жалында» деген атаумен өнер көрмесі өтті

2 507

Фото: © Виктор Федюнин\Kazinform«Аттың жалында» деген атаумен өнер көрмесі өтті,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі Kazinform  порталына сілтеме жасап

Көрмеге қазақстандық және шетелдік өнерпаздардың туындылары қойылған. Отандасымыз, фотограф Никита Басов көкпар ойынына қатысты түсірген 78 суретін назарға ұсынған.

Көкпар — әлемде екі-ақ елде көруге болатын ерекше спорт. Оны шетелдерден көптеген турист тартатын құндылыққа айналдыруға болар еді. Жаһанды ұлттық мұрамызбен ғана таңғалдыра аламыз. Жалпы, мен ұлттық ойындарымызды, жылқыны қатты жақсы көремін. Бүгінгі көрмеге көкпарда түсірілген суреттерімді қойдық. Болашақта өзге де ұлттық ойындарымыз жөнінде көрме ұйымдастырғым келеді, — деді Никита Басов.

Сондай-ақ астаналықтар ресейлік сәулетші әрі мүсінші Игорь Роговский жасаған жылқының екі мүсінін деФото: © Виктор Федюнин\Kazinform тамашалады.

Мүсіндер табиғи материалдан жасалған. Өсімдіктердің тамырлары өзен бетінде ұзақ уақыт қалқып жүреді. Мен оларды теріп, жинап, шеберханама әкелемін де, мүсіндер құрастырамын. Неге бұл материалды таңдайтынымды түсіндірейін. Біріншіден, өсімдік тамырлары суда ұзақ қалқып жүретіндіктен, су олардың нәзік талшықтарын шайып, тек берік бөлігі қалады. Екіншіден, олар иілгіш келеді. Әр тамырды кеспей, сындырмай-ақ, мүсінге жабыстыратын орын табу жеңіл, — деді Игорь Роговский.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.