«Қазақфильм» поляк жазушысы Адольф Янушкевичтің тағдыры туралы фильм түсіріп жатыр

393
Петропавлда «Жаңғырық» фильмінің түсірілімі басталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жайында Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мәлімет етті.

«Жаңғырық» - Сатыбалды Нарымбетовтің бұрыннан көкейінде жатқан жобалардың бірі. Фильм қазақ даласына жер аударған революционер, құнды этнографиялық жазбалар қалдырған поляк жазушысы Адольф Янушкевичтің тағдыры туралы баяндайды. Кинотуындыны режиссер Сатыбалды Нарымбетовтің ұлы - Асқар-Мұхит Нарымбетов түсіріп жатыр» делінген киностудия таратқан хабарламада.

Янушкевичтің қазақ даласындағы саяхаты Кенесары ханның соңғы шайқасымен сәйкес келеді деседі. Дәл осы эпизодты Сатыбалды Нарымбетов өз фильмінде түсіріп үлгермеген екен.

Еске сала кетейік, жобаның түсірілімі 2019 жылдың ақпан айында басталған болатын.

Қазіргі таңда түсірілім Петропавл қаласында өтіп жатыр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.